Полиция үш тәуліктен бері 17 жастағы ақтөбелікті таппай жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Темір ауданының тұрғыны Сүлейман Есеналиев үш тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темір ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны Сүлейман Есеналиев 24 қараша күні үйінен шығып кеткен. Сағат 18:00-ден кейін ұлын іздеген ата-ата 25 қараша күні полициядан көмек сұрап отыр.

«Қазір жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр. Іздеуге 22 полиция, 12 ауыл әкімшілігінің қызметкері жұмылдырылды. Ауылдың 30 тұрғыны мен мектептің 10 мұғалімі де бар. Қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса мына нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: 8771 786 66 66, 8776 546 66 66 немесе 102», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жоғалған Сүлейман Есеналиевтің бойы шамамен 170-175 см, қараторы. Құлақ тұсы тесілген, шашы қырылған. Үстінде көк түсті күртеше, қара шалбар, бәтеңке киген.