Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылды. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданды. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келді.
Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен алғашқы көмек көрсету тәжірибесін дұрыс қолданған азамат — Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Әлішер Жарқымбеков болып шықты.
ЖҚАЖ жауынгерінің бұл әрекеті қызметтік міндеттен тыс уақытта да адам өміріне жауапкершілікпен қараудың нақты үлгісі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО-да жылқы сүйегіне қақалған ер адам өлім аузынан қалғанын жазған едік.