Полиция дрон пайдалануды меңгеріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатыр.

Фото: ІІМ

Цифрлық шешімдерді, заманауи технологиялар мен озық жұмыс тәсілдерін енгізу мәселелері Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ерекше бақылауында.

Фото: ІІМ

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары аясында ведомство басшысының тапсырмасымен ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелердің оқу-жаттығу зертханасы ашылды.

Фото: ІІМ

Зертхана ішкі істер органдарының криминалистикалық және өзге де бөлімшелері қызметкерлерін қызметтік міндеттерді орындау кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануға даярлауға арналған.

Фото: ІІМ

Оқу бағдарламасы теориялық дайындықты, арнайы симуляторлармен жұмыс істеуді және арнайы жабдықталған полигонда тәжірибелік ұшуларды қамтиды. Меңгерген білім мен дағдылар қызметкерлерге қылмыстарды ашу және тергеу, іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында заманауи техникалық құралдарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Зертхананың ашылуы ІІМ-нің цифрлық трансформация бағытын іске асырудағы, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттырудағы және полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізудегі кезекті маңызды қадам болды.

Айта кетелік Қазақстанда қауіпті өндірістік нысандарды ЖИ бақылайды