АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры басталады.
Бұл турдағы негізгі ойындар 22 қыркүйекте сағат 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Астана» арасында болады. Командалар биыл бас жүлдеге қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық. Мамандар бұл ойында чемпиондық атақтың тағдыры шешілуі мүмкін екенін айтады.
Сондай-ақ, аталған турда 21 қыркүйекте 17:00-де «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана), 19:00-де «Қайрат» (Астана) пен «Қайсар» (Қызылорда) кездеседі.
Ал 22 қыркүйекте 17:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Елімай» (Семей), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Хан тәңірі» командасы «Жетісайдан» басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.