Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге келді

Фото: Ақорда

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Ақ үйге келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де өтеді.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады

Президент сондай-ақ Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді.