— Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, — деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанованың өмірден өткенін хабарлаған едік.