Президент Өкімімен Сәкен Жасұзақов ҚР Қарулы Күштерінен шығарылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Өкімімен Арыстағы жарылысқа жол берген бұрынғы Қорғаныс министрі Қарулы күштер құрамынан шығарылып, үш жоғары әскери лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысыныңӨкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны жәнеқару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз етужұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру жәнеорналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соныңсалдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуынажәне қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

1. ҚазақстанРеспубликасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы ЖасұзақовҚазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

2. Келесілауазымды қызметкерлерге:

ҚазақстанРеспубликасы Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы МұратКәрібайұлы Бектановқа;

ҚазақстанРеспубликасы Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болыпқызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

ҚазақстанРеспубликасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған ТалғатЖеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып кетті . Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Соңғы жаңалықтар