АСТАНА. KAZINFORM – Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Жақыпов қызметінен кетті. Ол бұл лауазымды атқарғанына небәрі 3 ай болған.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.
Жақыпов бұған дейін елдегі бірнеше әуекомпанияларда қызмет атқарған. Ал, Qazaq Air компаниясының басшы лауазымына 1 наурызда тағайындалған болатын.
Өткен жылдан бері «Qazaq Air» әуе компаниясы екі рет сатылымға қойылды. Бірақ, сауда жасалмады, оның себебін «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан түсіндірген болатын.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.