Рахат Тұрлыхановқа қатысты апелляциялық сот жабық режимде өтіп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM- Әйеліне қол көтерген Рахат Тұрлыхановқа қатысты апелляциялық сот жабық режимде өтіп жатыр.
Айыпталушы мен жәбірленуші судьядан сот отырысына қатысуға келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шығарып жіберуді сұрады.
«Құрметті сот. Мен сот отырысына журналистердің қатыстысуына қарсымын. Егер мүмкіндік болса, оларды шығарып жіберуіңізді сұраймын», - деді Рахат Тұрлыханов.
Прокурор мен экс-әншінің қорғаушысы да ерлі-зайыптылардын өтінішін құптады.
Судья Қанат Молдашев Рахат Тұрлыхановтың ісін жабық режимде қарау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тараптардың татуласуына байланысты Тұрлыхановқа ескерту ғана жасаған. Алайда прокуратура сотқа наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірді.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұраған еді.
Кейін Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі видеожазба жариялады.
«Бізде бәрі жақсы. Рахат, қамқор, мейірімді жар әрі әке. Иә, отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік болды. Бірақ мен бұқаралық ақпарат құралдарында жағдайды білмей жатып, Рахатты әділетсіз түрде жаман жағынан көрсетіп жатқанына қынжылам», - деді Рахат Тұрлыхановтың әйелі Алтынай.