Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанаға Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: mid.ru

Сергей Лавров 20-21 мамырда Астанада өтетін ШЫҰ министрлерінің отырысына қатысады.

2024 жылғы 21 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтетіні хабарланған еді.