ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 03:24–те (Гринвич уақытымен 23 қазанда сағат 22:24–те) тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі 54,45 градус солтүстік ендік пен 86,02 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Магнитудасы — 5 (mb), энергетикалық класы — K=13.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Осыдан бұрын хабарланғандай, елімізде биыл 1 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді.