«Кеше жөндеу жұмыстарының бірнеше түрін іске қостық. Қазандықты тоқтаттық. Қазір ол салқындауға қойылды. Содан кейін қазандықта тесіктің бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта 3 қазандық жылу беріп тұр. Бірақ, бұл талап ететін температурадан төмен», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, бүгін №6 қазандықтан тағы ақау шыққан.
«Оны тез арада жою үшін уақыт қажет. Мұның бәрі жабдықтардың тозуымен байланысты. Негізгі сұрақ басшылыққа емес, стансаның меншік иесіне қойылғаны жөн сияқты. Біз қазір сонымен айналысып жатырмыз. Бұл заңға қатысты мәселе. Қазір ең бастысы – температураны көтеру», - деді Болат Ақшолақов.
Бүгін түнгі сағат 01:00-де Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы ақау шыққанын хабарлаған едік.