Отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдесті. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал, Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күреседі.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Еске салсақ, бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталғанын жазған едік.