Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының палуаны 97 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Махсұд Вейсаловты жеңіп, жартылай финалға өтті. Осыған дейін Ризабек алғашқы белдесуінде қырғыз палуаны Андрей Ароновты жеңген (6-0) болатын.
Отандасымыздың келесі қарсыласы - үндістандық бозкілем шебері болмақ.
Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған. Финалда жапониялық спортшы Араш Йошидаға есе жіберген.
Еске сала кетейік, бұған дейін үш балуанымыз Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жеткенін жазған едік.