«Самара - Шымкент» автожолы жабылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара - Шымкент» автожолының Ақтөбе облысынан өтетін тұсында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы жолдар картасына көз салсақ, еліміздің бірнеше аймағында ауа райына байланысты жол жабылған.

Атап айтқанда, «Самара-Шымкент» тасжолының Қобда елдімекенінен бастап Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі аралығында көлік жүруіне тыйым салынды. Бұл - аталмыш жолдың 526-шақырымынан бастап 615-шақырымына дейінгі аралық.

Сонымен қатар «Өскемен-Рахман қайнары» жолының 6-66 шақырымы жабық. Бұл - Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына бұрылатын тұсқа дейінгі 60 шақырым.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.