«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сағат 22:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 623 адам, 169 жерүсті техникасы және 7 тікұшақ жұмылдырылды.
Әуе техникасының көмегімен 154 рет су төгу жұмыстары жүргізіліп, өрт ошағына 291 тонна су төгілді. Қараңғы түсуіне байланысты әуе техникасының су төгу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Өрт орнында аздаған жаңбыр жауды, сондай-ақ «Қазгидромет» болжамына сәйкес түнгі уақытта жаңбыр күтілуде.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.
Айта кетелік Айта кетелік Семей орманындағы өрт 60 гектар аумақты шарпыды. Сонымен қатар «Семей орманы» резерватында өрт шыққан соң лагерьдегі 200-ге жуық бала эвакуацияланды. Премьер-министрдің тапсырмасымен екі министр «Семей орманына» аттанды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.