- USAID-тің жағдайы - ол АҚШ-тың ішкі саясаты. Олар қандай шешім қабылдайды, солай болады. Оның бізге ешқандай қатысы жоқ», - деді С.Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін АҚШ USAID-ті неге таратпақ болғанын жазған едік.
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ағыл. United States Agency for International Development, USAID) негізгі миссиясы – шетелдік гуманитарлық көмекті үйлестіру. Нақтырақ айтсақ, өзге мемлекеттермен бірлесе отырып әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әзірлейді.
Жақында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің жұмысын тоқтатуы Қазақстанда басталып кеткен жобаларға қалай әсер етіп жатқаны туралы пікір білдірді.
Ал Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елімізге шетелдік демеушілер бөлетін қаржыға аудит жүргізіп, барлық есеп-қисабын халыққа жариялау керек деп отыр.