«Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы ер адамды әлеуметтік жағдайының төмен екендігін пайдаланып әрі алдау арқылы 7 ай бойы жұмысқа жеккен. Зардап шегуші күніне 12 сағат мал бағып, жақын елді мекеннен 50 шақырым қашықтағы қыстауда тұрған. Жұмыс істеуден бас тартқан кезде оны ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, зардап шегуші оңалту көмегін алу үшін дағдарыс орталығына жіберілді.
«Сонымен қатар «STOP трафик« жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 3 адамның тұрғылықты жерін анықтап, іздеуде жүрген 3 қылмыскерді ұстады», - деді Қанат Нұрмағамбетов.