Атап айтқанда, 2026 жылдың қарашасында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолын кесті.
Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп анықталды.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың құны 510 млн теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Павлодар облысында вейптен түскен ақшаға алынған 12 млн теңгелік көлік тәркіленді.