Шерзат Полатқа қатысты негізгі сот отырысының өтетін күні белгіленді

Фото: Фото: Мирас Анитов

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ержан Жанұзақов негізгі сот отырысы 17 сәуір күні сағат 10:00–де басталатынын мәлімдеді. 

Сот отырысы бейсенбі және жұма күндері Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.

Іс бойынша айыпталушылар орнында 9 адам отыр. Олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды

Сондай-ақ Прокурор соталушылардың әрқайсысына Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша айып тағылғанын оқыды

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазғанбыз

Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты