Талғар қаласының әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары жұмысынан кетті. Бұл туралы құжат Талғар әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Жарияланған құжатта лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы жұмыстан босатуға себеп болғаны айтылған.
- Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр, - делінген құжатта.
Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.
Кейін жанжалдан қайтыс болған 16 жасар Шерзаттың үйі өртеніп, полиция оның отбасын қорғауға алды.
Бас прокуратура бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ Алматы облысының әкімдігі Талғарда үйі өртенген отбасыға көмектесетінін хабарлады.