Шерзод Давлатов Олимпиада чемпионын жеңіп, Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына өтті.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Олимпиада чемпионы франциялық Лука Мхеидзені айқын басымдықпен жеңді.

Енді Шерзод Давлатов финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен күш сынасады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Лука Мхеидзе Париж-2024 Олимпиадасында командалық бәсекеде топ жарқан. Ал жекелей сайыстың финалында Елдос Сметовке жол берген.

Айта кетейік, Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде алты медаль жеңіп алды.

Қазақстандық ескекшілер Польшадағы әлем чемпионатында тағы екі финалға жолдама алды.