ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Асылжан Оспанұлы Қалдарбеков Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Асылжан Қалдарбеков ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2002-2014 жылдар аралығында тергеу саласында, соның ішінде Алматы қаласы ІІД-де түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары Астана қаласы ПД Алматы АПБ-ның тергеу басқармасы бастығының орынбасары және Анықтау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Кейінгі уақытта Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды.
Айта кетейік, бұдан бұрын полиция формасымен тікелей эфирге шыққан шымкенттік тиктокер жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.