— Транзиттік әуе сапарлары тұрақты артып келеді. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 4 есеге артты. Бүгінде транзит аэронавигациялық қызмет көрсетуден түсетін кірістің негізгі бөлігін құрайды. 2025 жылы әуе қозғалысын басқару жүйесін жаңғырту үшін америкалық жетекші LEIDOS корпорациясымен келісімшарт жасалды. Алдағы 5 жылда аэронавигацияның инфрақұрылымын түгелдей жаңартамыз. Бұл қазақстандық әуе дәліздердің тиімділігін арттырады, — деді Нұрлан Сауранбаев.
Сонымен қатар ол ішкі әуе рейстеріне тоқталды. 2026 жылы 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге жоспарланды.
Мұнымен қоса, туристік орындарды дамытуға қолдау көрсету өңірлік маршруттардың дамуына қосымша серпін береді.
— Ішкі тасымалдарды одан әрі дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, жергілікті органдарға облысаралық рейстерді өз есебінен субсидиялауға рұқсат беру керек. Бұдан бөлек, тұрақты рейстерге қосылған құн салығын алып тастау қажет, — деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстаннан тікелей жүретін халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырды.