«Шымкент қаласы Абай РПП ДП учаскелік инспекторлары профилактикалық жұмыс барысында Темірлан тас жолындағы мейрамханада той өтіп жатқанын анықтады. Залда 180-ге жуық қонақ болған.
Карантиндік режимнің талаптарын бұзған, адамдардың көп жиналуына жол берген қалалықтарға қатысты қажетті материалдар жиналып, тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», - делінген ведомоствоның хабарламасында.
Шымкенттік тәртіп сақшылары тұрғындардан қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар мен шектеулерді қатаң сақтауын сұрайды.