- Қазір ешқандай тапшылық жоқ. Осыған дейін бағаның өсуін байқадық. Бұған Өзбекстан мен Ресейден Қазақстандағы сиыр етіне жоғары сұраныстың болуы ықпал етті. Дәл қазір мұндай сұраныс жоқ, - деді А.Шаққалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз ету аясында көрші Өзбекстанға ірі қара мал еті экспортталмай жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі былтырғы ет экспортына қатысты түсінік берді.
Сиыр етінің негізгі экспорты Өзбекстанға бағытталған.