Silk Way Star қатысушыларының қазақша әндерін хитке айналдырған Бақытжан Быхин кім

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде қазақша ән айтып тұрған шетелдік орындаушылардың видеолары жиі тарап жатқанын байқасаңыз, мұның артында көбіне Бақытжан Быхиннің қолтаңбасы тұрады. Ол кәсіби музыкант болмаса да, TikTok пен Instagram-да қазір трендке айналған музыкалық контенттің авторына айналды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бақытжан біз студияға кірген сәтте жаңа ғана өңделген видеосын желіге жариялап үлгерді.

Бұл — Silk Way Star жобасының қатысушысы Yazmin Aziz орындаған «Сүгірдің термесіне» жасаған ремиксі.

Арада көп уақыт өтпей-ақ, халықаралық жоба қатысушысының өзі видеоны көріп, жылы лебізін жолдап, ремикс үшін алғыс айтты.

Бақытжанның ендігі жоспары анық. Ол өз контенті арқылы халықаралық аудиторияның назарын жаулап, қазақша музыкалық контентті жаңа деңгейге шығарғысы келеді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Айта кетейік, Silk Way Star жобасының гранд-финалы 22 қарашада өтеді және сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бір мезгілде хабар тарату Қазақстанда, Әзербайжанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда және Моңғолияда өтеді.

Бірінші азиялық вокалдық мега-жобаның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% қазылар алқасы және 50% онлайн көрермендердің дауыс беруі арқылы.

Айта кетейік, Silk Way Star жобасының гранд-финалына келесі әртістер шықты:

  • ALEM (Қазақстан);
  • Язмин Азиз (Малайзия);
  • Автандил Абесламидзе (Грузия);
  • Мишель Джозеф (Моңғолия);
  • Чжан Хэ Сюань (Қытай);
  • Саро Геворгян (Армения);
  • Мадинабону Адылова (Өзбекстан).

Сіз өзіңіздің сүйікті әншіңізді silkwaystar.org веб-сайтында қолдай аласыз.

Photo: video still

Silk Way Star Орталық Азиядағы алғашқы вокалдық жоба болды, оған 12 елден: Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген әртістер қатысты.

Қатысушылар арасында халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, танымал әртістер және тиісті музыкалық мектептердің көрнекті өкілдері бар.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды.

Айта кетейік, мұның алдында Silk Way Star еуропалық сарапшыларды жоғары кәсібилігімен таңғалдырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ қазақстандық әнші ALEM Silk Way Star-дың гранд-финалына дайындалып жатқанын хабарлағанбыз. 

Фото: Александр Павский / Kazinform