— Қазір біз ауқымды талдау жүргізіп жатырмыз. Сынып жетекшілігіне бөлінген сағаттар санын есептеуіміз қажет. Бұл жеке пән ретінде енгізілуі мүмкін немесе мүлдем басқа тәсіл қолданылуы ықтимал, – деді Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2029 жылы арнайы білім беру мұғалімдеріне қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Тек содан кейін ғана министрлік сынып жетекшілерін қолдау мәселесіне назар аударатын болады.
— Бүгін мен сіздерге нақты мерзімдерді айта алмаймын. Әрине, бұл мәселені шешу республикалық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Дегенмен, Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр және біз міндетті түрде шешімін табамыз. Бұл – бұрыннан келе жатқан жүйелі мәселе, – деп атап өтті министр.
Бұған дейін хабарланғандай, ерекше білім беру саласына 3 мыңнан астам маман жетіспейді.