АСТАНА. KAZINFORM – Сириядағы жаңа билік халық санағын жүргізіп, жаңа Конституцияны бекіту және еркін сайлау өткізуді қамтитын «жол картасын» жариялайды. Бұл туралы түріктің Hürriyet газеті келтірген дереккөздерге сілтеме жасай отырып Report агенттігі хабарлады.
– Жаңа Сирияны құрудың уақыты келді. Уақытша әкімшілік құрылғаннан кейін «жол картасы» жарияланады. Жаңа Конституция бекітіліп, халық санағы жүргізіледі және еркін сайлау процесі ұйымдастырылады, - деп жазады басылым.
Айта кетейік, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Башар Асад билікті бейбіт жолмен тапсыратынын айтып, елден кеткенін мәлімдеген еді.
Башар Асад пен оның отбасы мүшелері Мәскеуге келді.
Путин Асадқа саяси баспана берді.
Сирия әскерилері Иракқа кетіп қалды.
Түрік тарапы Түркияда тұратын сириялық босқындардың еліне аман-есен оралуы үшін бар күш-жігерін салады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы