2009 жылы туған жасөспірімнің мәйітін СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан алып шықты.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, суға тек арнайы жабдықталған және құтқарушылар кезекшілік ететін ресми демалыс орындарында ғана түскен жөн.
Ал шомылуға тыйым салынған орындарда суға түскен азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай құқық бұзушылық үшін 7 АЕК мөлшерінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады.
СҚО-да жазғы шомылу маусымы басталғалы бұл суға батып кеткен үшінші адам.
Бұған дейін Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алғанын жаздық.
Ал Петропавлдағы Пестрое көлінде ер адам суға тұншығып, көз жұмды.