Мамандардың мәліметінше, жер асты дүмпулері 11 қазан күні Гринвич уақытымен сағат 14:07-де тіркелген. Астана уақытымен бұл – 19:07.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 6,99 градусы мен шығыс бойлықтың 155,74 градусы түйіскен нүктеде орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупіне қатысты да ресми мәлімет жарияланбаған.
Айта кетейік, бұған дейін 16 тамызда Тынық мұхитындағы Вануату арал мемлекетінің жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпуінің ошағы 188 шақырым тереңдікте орналасқан.