Зымырандар Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Вонсан ауданынан сағат 12:30 шамасында әуеге көтеріліп, шамамен 250 шақырым ұшқан.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея АҚШ-пен бірге зымырандардың техникалық сипаттамаларына талдау жүргізіп жатыр.
— Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен қорғаныс ұстанымына сүйене, біздің әскери күштеріміз кез келген арандатушылыққа батыл жауап беру мүмкіндігі мен дайындығын сақтай отырып, Солтүстік Кореяның түрлі әрекеттерін мұқият бақылап отыр, — делінген Біріккен штаб бастықтары комитетінің мәлімдемесінде.
Бұл оқиға Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға шекараны демаркациялау бойынша келіспеушіліктерді шешу үшін әскери келіссөз жүргізуді ұсынғаннан бір аптадан кейін болып отыр. 21 қыркүйекте шекарадағы мина жарылып, Оңтүстік Кореяның үш әскери қызметшісі жарақат алған соң, екі ел арасындағы шиеленіс ушыға түскен.
Оңтүстік Корея тарапы Солтүстік Кореяның әскери-демаркация сызығын бұзуы мүмкін деген учаскені тексеріп жатқан кезде мина жарылған. Пхеньян бұған дейін шекара қорғанысын күшейтіп, тосқауылдар салған және миналар қойған болатын.
Солтүстік Корея оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды. Пхеньян Сеулді жауапкершілікті Солтүстік Корея басшылығына аударуға тырысты деп айыптады және қару қолданамыз, шекара бойындағы дауыс зорайтқыштар арқылы Оңтүстік Кореяға қарсы үгіт-насихат хабарламаларын таратуды қайта бастаймыз деп сес көрсеткен.
Бұған дейін КХДР су астынан ұшырылатын екі жаңа зымыранын сынақтан өткізген еді.
Солтүстік Корея жасанды интеллекті бар торпеданы сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеді.