Суға секіруден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірім құрамасының тізімі жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы суға секіруден Хорватияның Риека қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Фото: ҚР ҰОК

Алдағы әлем біріншілігінде Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды. Құрама сапына Эмиль Касимов, Илларион Авченко және Александр Подлесный енді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 21-28 тамыз аралығында өтеді.

Мажарстанда өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайтынын жазған едік.

Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды.