— Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ, — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.
Айта кетсек, Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Сонымен қатар, Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Үкімет алдағы 24 сағат ішінде тағы да жерасты дүмпулері болуы мүмкін екенін ескертті.
Сондай-ақ Таиланд премьер-министрі Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады.