Талдықорған полициясының бұрынғы бастығын сот залынан жедел жәрдем алып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға алып кетті.

Фото: Kazinform

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан дәрігерлердің ер адамды зембілмен алып шыққанын көруге болады.

Ақпан айының соңында Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталған еді. Процесс жабық режимде өтті. 

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Мәліметке сенсек, қылмыс оның кабинетінде болған.