Талдықорғанда тапа-тал түсте автоломбард тонаған күдіктілер ұсталды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тапа-тал түсте автоломбардты тонаған үш күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшыларыАлматы қаласының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілер 1991-98 жылғы жасжігіттер. Олар Талдықорғанға жеткізіліп, қамауға алынды.Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық ісТалдықорған қалалық полициясыныңөндірісінде», - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полиция ұсталғандардыңбірінің тұрғылықты жері бойынша ұрланған ақшаның бір бөлігін тәркілеп, айғақзат ретінде тіркеген.

Естеріңізге салакетейік, , 24 шілде күні таңертеңТалдықорған қаласында үш адам автоломбардты тонап, ішіндегі қызметкерді ұрып,байлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Тоналғанавтоломбард Шевченко көшесінің бойында орналасқан.

Жәбірленушініңайтуынша, ұрылар 7 млн теңгені қолды қылған.

Соңғы жаңалықтар