ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Әбдікерімұлы Омаров тағайындалды.
Осыған дейін Алматы облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болғаны туралы жазған едік. Полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Алматы облысында полиция бастығының 2 орынбасары тағайындалғанын жазғанбыз.
Ал қазан айында Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.