Ташкент пен Ақтөбе арасында тікелей әуе рейсі ашылады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстандық Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 2 тамыздан «Ташкент — Ақтөбе» бағыты бойынша рейс орындай бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Сentrum-air.com

Ташкенттен Ақтөбеге бағытталған рейстер жексенбі және сәрсенбі күндері орындалады. Ал кері рейстер әр дүйсенбі мен бейсенбіге жоспарланған. Билет құны 1,1-1,2 млн сумнан (43-47 мың теңге) басталады.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылған еді.

Сонымен қатар FlyArystan әуе компаниясының ұшақтары 3 қыркүйектен «Алматы — Үргеніш — Алматы» бағыты бойынша рейс орындай бастайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оралдан Ташкентке қатынайтын әуе рейсі тоқтатылды.

Мұымен бірге Өзбекстан авиаотын тапшылығына байланысты Ресей бағытындағы әуе рейстерін қысқартты