Ташкентте салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді
15:36, 02 Наурыз 2025
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент облысы Янгийул қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келі 3 грамм қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы кесар тілігі арқылы босанған, бұл – оның төртінші баласы.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан әуе жолдарының Ташкенттен Нью-Йоркке бет алған HY101 рейсінің бортында сәби дүниеге келгені туралы жазған болатынбыз.
Осы жылдың қаңтар айында Ташкенттегі бір отбасында төрт егіз бала дүниеге келген.
Сондай-ақ Рудныйда салмағы 6 келіге жуық алып сәби дүниеге келді.