2 қараша күні Астана уақытымен 00:03-те (Гринвич уақыты бойынша 1 қараша 19:03) Тәжікстан мен Ауғанстан шекаралас ауданында жер сілкінісі болды.
Эпицентрдің координаталары: солтүстік ендік – 37.44 градус, шығыс бойлық – 69.88 градус.
Магнитудасы – mb=5.0. Энергетикалық класы – K=12.2.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлағанбыз.