Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — 17 қарашада Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Фото: Анадолы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 19:59-да (Гринвич уақыты бойынша 14:59) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,51 градусы мен шығыс бойлықтың 71,08 градусы аралығында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,2, энергетикалық класы 10,2 болды.

Айта кетейік, бұған дейін Перу жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Еске салсақ, 15 қарашада Астана уақытымен сағат 22:48–де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.