Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 19 қазанда Астана уақытымен сағат 20:35-те (Гринвич уақыты бойынша 15:35-те) тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 38,26 градусы мен шығыс бойлықтың 73,23 градусы аралығында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,9-ды, ал ошағының тереңдігі 100 шақырымды құрады.
Айта кетейік, 19 қазанда бұған дейін Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болғанын жаздық.