ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.74 градус солтүстік ендік, 73.23 градус шығыс бойлықта жатыр.
Магнитудасы mpv=5.9.
Энергетикалық класы K=12.7.
Тереңдігі h=187 шақырым.
NOVA24-LIVE Telegram арнасының https://t.me/nova24live/90170 хабарлауынша, 9 қаңтар күні сағат 2:14-те Тәжікстандағы жер сілкінісі Өзбекстанда сезілді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балды болған, ал Өзбекстан аумағында сезілуі мынадай:
- Ферғана облысы: 2-3,балл, 260 шақырым
- Әндіжан облысы: 2 балл, 85 шақырым
- Наманған облысы: 2 балл, 325 шақырым.
Бұған дейін Шыңжаңда жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.