USGS мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Техас пен Нью-Мексико штаттарының шекарасына жақын жерде болған.
Жерасты дүмпуі Техастың батыс бөлігінде және Нью-Мексико штатының оңтүстік-шығысында сезілді.
USGS дерегінше, алдағы бірнеше күнде аталған өңірде қайталама жер сілкіністері болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 398 адамға жеткені туралы хабарладық.
Ал 21 шілде күні Перуде болған екі жер сілкінісінен алты адам қаза тапты.