Теннис: Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілікрейтингте 83-орында тұрған А.Бублик жартылай финалдаәлемнің 98-ракеткасы, испаниялық Марсель Гранольерспен күш сынасты.

Турнирдің7-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик 22-де болса,тәжірибелі қарсыласы 33 жаста еді.

Бірінші партиянытамаша бастаған қазақстандық теннисші 4:0 есебіменалға шықты. Алайда бұдан кейін испаниялық спортшы қатарынан бес геймді алды.Ақыры бұл сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик сәтті ойнады – 7:6 (7:5).

Екінші сеттеиспаниялық теннисші брейкпен алға шықты – 2:0. Ол тағы бір брейкпен бұл сетті өз пайдасына аяқтады – 6:3.

Үшінші, шешушіпартияда есеп 2:2 болған мезетте А.Бублик брейк жасап, өз геймін де бермеді –4:2. Сосын осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:4.

Тартысты бәсеке 2сағат 4 минутқа созылды.

А.Бубликфиналда осы турнирдің (жүлде қоры – 583 585 АҚШ доллары) бірінші, әлемнің15-ракеткасы, америкалық Джон Иснер немесе рейтингте 48-сатыдағы франциялық УгоУмбердің біреуімен кортқа шығады.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Ньюпорт турнирінің жартылай финалынашыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтандодасының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақтағы бір қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест жарысының финалына шықты.





Соңғы жаңалықтар