Теннис: Заңғар Нұрланұлы Берлиндегі турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жас жұлдызы Заңғар Нұрланұлы Берлинде өтіп жатқан екінші санаттағы Tennis Europe14&U Berlin International турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 13 жастағы З.Нұрланұлы жартылай финалда аустралиялық Джимми Маккензиді 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Заңғар ертең шешуші бәсекеде америкалық Карел Обриэл немесе чехиялық Мартин Доскошилдің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

З.Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде 127-орында келеді. Берлинде жеңіске жеткен жағдайда алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде жағдайын едәуір жақсартады. Соңғы жылдары Еуропадағы жарыстарда сынға түсіп жүрген Заңғар техникалық шеберлігін де арттыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың жұптық сында Уимблдон турнирін сәтті бастағанын, Александр Бубликтің әлемнің 21-ракеткасын ұтып, үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев жұптық сында екінші айналымға шықты.