Тимофей Скатов Таиландтағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: skatov_timofey/Instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 195-ракеткасы Тимофей Скатов Нонтхабури (Таиланд) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 288-ракеткасы, франциялық Флоран Бакспен ойнады.

Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Бакс 2 эйспен шектелді.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 303-ракеткасы, ресейлік Марат Шарипов немесе рейтингіде 373-орындағы испаниялық Пол Мартин Тиффонның қай жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалында рейтингіде 36-сатыдағы франциялық Уго Умберге жол берді — 0:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық біріншілігіндегі қарсыластары анықталды.