АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 202-ракеткасы Тимофей Скатов Ченнай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 225-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен бетпе-бет келді.
Тимофей Скатов 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Карацев 7 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Үндістандағы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінде камбэк жасап, ширек финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).