Тынық мұхитында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Тынық мұхитындағы Эспириту-Санто аралының батыс жағалауында 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Фото: oxu.az

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 07:31–де (Гринвич уақытымен 02:31–де) болған.

Оның эпицентрі оңтүстік ендіктің 14,05 градусы мен шығыс бойлықтың 165,52 градусында орналасқан. Жер сілкінісі 10 км тереңдікте тіркеліп, магнитудасы (Mb) 7 деп бағаланды.

Адам шығыны мен ғимараттың қирағаны туралы мәліметтер түсіп жатыр.

Бұған дейін Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.