Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей аумағында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 03:24–те (Гринвич уақытымен 23 қазанда сағат 22:24–те) тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі 54,45 градус солтүстік ендік пен 86,02 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Магнитудасы — 5 (mb), энергетикалық класы — K=13.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Осыдан бұрын хабарланғандай, елімізде биыл 1 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді.